Жеті күнде көлікті мас күйінде басқарған 800-ге жуық адам ұсталды - ІІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеті күнде Қазақстанда автокөлікпен жылдымдықты асырып жүрудің 7,5 мың фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол ережесін өрескел бұзу жағдайларының алдын алу іс-шаралары күшейтілді. Өйткені бұл фактілер апаттылық ахуалына қатты әсер етеді. Операцияны өткізу кезеңінде автокөлікті мас күйде басқарудың 796 фактісі анықталды. Сонымен қатар, жылдамдықты асырудың 7,5 мың фактісі тіркелді», - деді Н. Ораз апталық онлайн брифингіде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ресми өкіл жеті күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталғанын жеткізді.