Жеті жылқы ұрлап, 4 жылға бас бостандығынан айырылды - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жылқы барымталаған ауыл тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінен.
None
None

«Нұра аудандық соты жылқы ұрлауға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімімен жазасын өтеуші ҚР ҚК 175-тармағы «б» тармақшасы 3-бөлігі (ірі көлемдегі ұрлық) бойынша көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс материалдары бойынша 2014 жылғы шілдеде жазасын өтеуші жайылымнан ЖШС-ға тиесілі 7 жылқыны ұрлаған. Ол малды «КамАЗ» көлігіне тиеп, алып кеткен. Шығын 2,8 млн. теңгеге бағаланды.

Соңғы жаңалықтар