09:18, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жетібай кен орны ұңғымасынан сыртқа атқылаған мұнай тоқтатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ Жетібай кен орнының ұңғымасынан бір жарым күн бойы сыртқа атқылаған мұнай тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жексенбі, қыркүйектің 19-ы күні сағат 12.25-те «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі Жетібай кен орнының №1191 ұңғымасының сағасынан сыртқа мұнай-газ қоспасы атқылап, ол 200 шаршы метрге төгілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, қыркүйектің 20-сы, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ұңғымадан мұнай-газдың төгілуі тоқтатылды, оның сағасы тығындалды. Қазір ұңғыманы бітеу және ластанған аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.