Жетім балаларды баспанасыз қалдырған әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылатын болады

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен алқа мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов айтты.
Осы орайда ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламентке енгізілгенін еске салып өтті.
Бұл құжат қабылданған жағдайда жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға бірінші кезектегі құқыққа ие болады. Аталған санаттағы балалардың құқын баспана бойынша уақытылы қамтамасыз етпегені үшін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі кезде бұндай жаза ескерілмеген»,-дейді ол.