Жетім балалардың құқын қорғау саласындағы аса өзекті мәселенің бірі - баспанамен қамту

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат -  Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың құқын қорғау саласындағы аса өзекті мәселелердің бірі оларды баспанамен қамту болып қала береді.
None
None

 Бұл туралы бүгін  «Балалар үйінің түлектері үшін ілкі қызметтер» атты баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті Қамқорлық және халықаралық бала асырап алу басқармасының бастығы Серік Тасболатов мәлім етті. 

«Бүгінгі таңда республикамызда ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар саны 36 мың 777-ні құрайды. Олардың  22 мыңға жуығы қазақстандық азаматтардың отбасыларында қамқоршылық пен қорғаншылыққа алынған, ал 2 мыңға жуығы тәрбиелік патронатта болса, 13 мыңға жуығы жетім балаларға арналған интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуде. Бұларда  білім, еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жүйелері бойынша тәрбие жүреді», - дейді С.Тасболатов. Оның айтуынша, осы санаттағы балалардың 84 пайызға жуығының ата-аналары тірі, яғни тастанды балалар.

С.Тасболатовтың сөзіне қарағанда, соңғы 5 жыл ішінде балалар үйінен шыққан 12 мың түлектің тек 500-і ғана баспанамен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар