«Жетінші» арна қазақстандық телеарналардың үздік үштігіне кіруді жоспарлап отыр

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Сейсенбі күні «Жетінші арнаның» басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жаңа арнаны таныстырды. Қыркүйектің 9-ында қазақстандық телеэфирде «Эра» телеарнасының орнына «Жетінші» деген атаумен жаңа арна пайда болғанын естеріңізге саламыз.
None
None

«Жетінші» арнада 20.00-де орыс тілінде шығатын және 22.30-да қазақ тілінде шығатын басты жаңалықтар шығарылымынан басқа - әр екі сағат сайын эфирге жаңалықтардың қысқа шығарылымдары беріліп тұратын болады.

«Қазір жаңалықтардың ақпараттар қызметінде 120 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, ТМД қалаларында және алыс шет елдерде жұмыс істейтін тілшілер де бар», - деді арнаның бас директоры Михаил Дорофеев.    

Жаңа арнаның базасында үш студия жұмыс істейді, алаңы 500 шаршы метр болатын үлкен түсіру павильоны салынуда. «Үш жыл ішінде қазақстандық телеарналардың үздік үштігіне кіруді жоспарлап отырмыз. «Жетінші» арна - бұл толықтай оқшауландырылған өнім», - деді М.Дорофеев.    

«Жетінші» арнаны еліміздің 18 қаласы - Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалалары көре алады.

Соңғы жаңалықтар