02:13, 18 Сәуір 2015 | GMT +5
Жетінші «Жұлдыздар шайқасы» фильмінің жаңа тизері жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламаторда "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" ("Звёздные войны: Пробуждение силы") фильмінің жаңа тизері пайда болды.

Екі минуттық ролик аталмыш фильмнің YouTube желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.
Бұл "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің екінші тизері болып табылады. Оның алғашқысы ғаламторда 2014 жылы қарашада жарық көрген еді.
Айта кетейік, фильмнің премьерасы 2015 жылдың 18 желтоқсанына жоспарланып отыр, деп жазады Белта.