Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан «Халықтық кеңсе» ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан "Халықтық кеңсе" ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан «Халықтық кеңсе» ашылды

ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі "2019-2021 жылдарға арналған жол картасын" іске асыруға байланысты арнайы азаматтарды қабылдауға бағытталған. Ашылған халықтық кеңсеге Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Жетісай мен Мақтаарал аудандарының әкімдері, аудан ардагерлері, жергілікті тұрғындар, БАҚ өкілдері мен АПБ-нің жеке құрамдары қатысты. Халықтық кеңсенің басты мақсаты халықпен кері байланыс орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, арыз шағымдарын қанағаттандыру болып отыр.