08:18, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Жетістікке жол - Қазақстан мен Ресей халықтарының мүдделері үшін ортақ күш-жігерлерді біріктіруде - РФ СІМ-нің өкілі В.Светличный
МӘСКЕУ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің 20 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шара 1992 жылы 22 қазан күні Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының мерейтойына арналды. РФ СІМ жанындағы Мәдениет орталығында Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті.
Концертке РФ мемлекеттік құрылымдарының басшылары, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ресей астанасында тұратын қазақстандық отандастар қатысты.
Концертте болған Ресей СІМ үшінші департамент директорының орынбасары Вячеслав Светличный атап өткендей, Ресей мен Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің басты локомотиві деп сеніммен атауға болады.