«Жетiсу» ӘКК облыс мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жетiсу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл акция Алматы облысындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өтуде.
Бағдарламаның негізгі міндеті - биязы жүнді қой басының өнімділік сапасын арттыруға қолдау көрсету, өнімділігі жоғары биязы жүнді қойларды көбейту, қосымша жұмыс орындарын құру, Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болып табылады.
Қазақстан жаңа экономикалық моделінің шешуші буыны ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы болатын. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру - бұл мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатын көздейді.
«Жетiсу» ӘКК» ҰК» АҚ - бизнеспен, заң шығарушы және атқарушы органдармен белсенді ынтымақтасатын дамудың аймақтық институты. Корпорация Алматы аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін беру үшін құрылған.