Жетісу ауданының әкімдігі Елбасы Жолдауын талқылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Кеше, наурыздың 12-сі күні Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» атты биылғы Жолдауын талқылаған отырыс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға білім беру және медициналық мекемелердің, өнеркәсіп және сауда нысандарының, қоғамдық ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, құқық қорғау құрылымдарының, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің өкілдері мен басшылары қатысты. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы әлемдік қауымдастық пен саясаткерлердің арасында қызу талқыға түсуде. Бұл Мемлекет басшысының беделінің асқақтығы мен еліміздің мәртебесінің биік екендігін көрсетеді. Елбасы тапсырған міндеттемелер бойынша ауданда нақты іс-шаралар атқарылатын болады. Соның ішінде жұмыс орындарын сақтап қалу, аудан аумағындағы құрылыс нысандарының бітуіне көмек көрсету саласына баса мән берілетін болады. Сондай-ақ кіші және орта бизнесті қолдау, инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша Президент жүктеген міндеттемелерге орай 270 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалады», - деді өз сөзінде аудан әкімі Әмір Құлмаханов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум