Жетісу облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы әкімінің өкімімен Түкібаев Сәкен Ғалымұлы Жетісу облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Түкібаев 1991 жылы туған.

Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару», Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржы», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын астанада «МұнайГаз» инжиниринг компаниясы» ЖШС-да инженер болып бастаған. Әр жылдары Талдықорған қаласындғы «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-Министр Кенсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бастап Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған.


Соңғы жаңалықтар