Жетісу облысы ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаев облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Жамаубаев 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы Өтенай мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдарда Алматы облыстық ипподромының бас мал дәрігері, Талдықорған қаласы ветеринария бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қыркүйегінен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының директоры болды.


Соңғы жаңалықтар
telegram