Жетісу облысында 1,5 млрд теңгеге балалар лагері салынуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының Алакөл ауданында 1 млрд 400 млн теңге қаржыға балалардың жазғы лагері салынып, мекеме демалушыларды қабылдауға дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жетісу облыстық Білім басқармасының мәліметінше, жазғы сауықтыру кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Жоба құны 1 миллиард 400 миллион теңге. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген.

«Алакөл ауданының Ақши ауылында орналасқан «Жалын» балаларға арналған сауықтыру лагеріне шілде айынан қабылдау басталады. Бұл кешен 200 орындық. Лагерьде бірінші кезекте әлеуметтік осал топтардың балалары тынығатын болады.

Жалпы биыл 13 338 оқушы жазғы лагерьге тегін барады. Демалушылардың барлығы әлеуметтік осал топтың балалары», - деді Жетісу облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаров.

Айта кетейік, әлеуметтік осал отбасыларда тәбиеленетін балаларды тегін демалыспен қамту үшін жергілікті бюджеттен 622 млн теңге бөлінген.


Соңғы жаңалықтар