Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалды. Оқиға Панфилов, Сарқан аудандары және Текелі қаласында тіркелген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүкті болған қыздар - 9 және 10-сынып оқушылары. Мәселен, Панфилов ауданында жүкті болған қыз 9-сыныпта оқиды. Ал Сарқан ауданы мен Текелі қаласында екіқабат болған қыздар 10 сыныптың оқушысы.

ҚазАқпарат тілшісі анықтаған деректі Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысының Текелі қаласындағы №8 мектепте ерте жүктілікке қатысты тәрбие сағатын өткізген мамандардың басы дауға қалған болатын. Себебі, түсіндіру жұмысын жүргізген аурухана психологы жезөкшелерге арналған брошюраны оқушыларға таратып, ата-аналардың жағасын ұстатты.

Туындаған даудан кейін аурухана психологы өз еркімен жұмыстан кетіп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөгіс алған болатын. Белгілі болғандай, оқушылармен ерте жүктілік бойынша кездесуді өткізген аурухана психологы мектеп әкімшілігіне балаларға таратылатын нұсқаулықты көрсетпей, бекітпей, өз бетінше бере салған.

Соңғы жаңалықтар