Жетісу облысында қонақ үй орнына балабақша cалынады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық мұражайы жанындағы қонақ үй ғимараты тұрғындардың сұранысына сәйкес балабақша ретінде пайдалануға берілмек. Бұл туралы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық мұражайы Президенттің тапсырмасына сәйкес күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстары қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

«Музейдің жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Нысанның жылу жүйесі де қайта жасалып жатыр. Ауыл тұрғындары музей жанындағы қонақ үйді балабақша ретінде пайдалануды сұрап отыр. Біз бұл ұсынысты қолдадық. Туристер легі көбейіп, қажеттілік туындап жатса, музейге керекті қонақ үй мәселесін қайта қарастыратын боламыз», - деді Б.Исабаев.


Соңғы жаңалықтар