Жетісу облысында үш жеткіншек бірінен соң бірі жоғалып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздеу жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: instagram.com/zhetysu.police

Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінен құралған топтар еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қалалары және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр.

15 жасар Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті.

Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін.

Оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды.

Мұқан Кенжебек, 17 жаста. Ол 8 қыркүйекте жоғалып кетті.

Кәмелетке толмағандардың қайда жүргені әлі анықталған жоқ. Іздестіру шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында.

Хабар-ошарсыз кеткен балалар жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіз, мына телефондарға хабарласыңыз: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе 102.


Соңғы жаңалықтар