11:47, 18 Тамыз 2023 | GMT +5
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу полициясының мәліметінше, Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тас жолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты.
«Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екендігі алдын ала анықталды, ол рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- деп хабарлады полициядан.

