Жетісу облысында жүк көлігі жолаушылар пойызына соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде», - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Осыған орай ҚТЖ жүргізушілерді қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, 11 шілде күні Атырау қаласындағы Рауан көшесінде жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысқан еді. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың теміржол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған.
Соңғы жаңалықтар