Жетісу облысындағы тас жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2023 жылғы 3-18 қыркүйек аралығында ауыр жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалыс тоқтатылады», - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Бұл учаскеде жеңіл және жолаушыларды тасымайдайтын автокөлік құралдары мен авариялық қызметтер қозғалысты жүзеге асыра бермек.

Ведомство қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар