Жетісу өнерпаздары ЭКСПО-ға ән арнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Жетісу - жұмақ мекенім» атты Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

11-15 шілде күндері Алматы облысының 350-ге жуық өнер ұжымы мен қолөнер шеберлері Астана тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін көрсететін болады.

null 

Салтанатты шараға келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Қазақстан» концерт залының фойесіне қойылған Алматы облыстық көркемөнер галереясының үздік туындыларын, Жетісу шеберлерінің қолөнер бұйымдарын тамашалады. 

null 

Концерттік бағдарлама «Біржан-Сара» қойылымымен ашылды. Айтулы туындыда М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі өнер көрсетті. Хорға республикалық байқаулардың лауреаты Арман Аманжолов дирижерлік етті.

null 

Кештің айтулы оқиғасы - «Expo Мереке» әні болды.  Ж. Немеребаев пен С. Сыздықов жазған бұл туынды - «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған алғашқы ән. Оны жетісулық әншілер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Мәншүк Тұрсынғазина мен Асылбек Тойлыбаев орындады. Сонымен бірге, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі «Экспо» биін билеп, көрменің үшбұрыш таңбасын бейнеледі.

null 

Сондай-ақ концертке «Сазген» және «Адырна», «Талдықорған әуендері» ансамбльдері, жетісулық өнерпаздар мен есімі елге танымал Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер, Ұлжан Айнақұлова, Саят Медеуов, Гүлнұр Оразымбетова сынды танымал әншілер қатысып,  Жамбылдың, Үкілі Ыбырайдың, Кенен Әзірбаевтың және Алтынбек Қоразбаевтың әндері шырқалды, Жалдыбайдың, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері тартылды.

null 

Айта кетейік, мәдени күндер аясында этноауылда Алматы облысының М.Тынышпаев атындағы өлкентану музейі, Көркемсурет галереясы және Дәркембай Шоқпарұлы атындағы өнер мұражайының шеберлері арнайы көрме ұйымдастырады. 14-15 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өңірлік спортшылар теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлерін көрсетеді.

null null null null null null null null null null null 

Шараның жабылу рәсімі 15 шілде күні ЭКСПО аумағындағы амфитеатрда өтеді.

Соңғы жаңалықтар