«Жетісу» телеарнасы хабарларының деңгейі кез келген республикалық арнадан кем түспеуі тиіс - А.Баталов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы жақын арада жаңа HD форматына көшіп, жаңалықтар мен хабарларды жаңа замануи студиядан беретін болады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Талдықорған қаласындағы Баспа үйін аралауы барысында мәлім болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Баспа үйі ғимаратын аралап көрген облыс басшысы А.Баталов телеарнаның жалпы алаңы 800 шаршы метр болатын үлкен студиясында болды. «Жетісу» телеарнасы» ЖШС бас директоры Бейсен Құранбектің айтуынша, студияға қажетті бейнекамералар, крандар, жарықтандыру құрылғылары және басқа да құралдар алынып, орнатылуда. Бұл студия 4 бөлік студиядан тұрмақ. Оның біріншісі - жаңалықтар, екіншісі - «Таңжарық» таңертеңгілік бағдарламасы, үшіншісі - ток-шоу, төртіншісі - балаларға арналған интеллектуалдық бағдарламалар студиясы болады. Облыс басшысы әр студияның декорацияларының жобаларын көрді. Сонымен қатар «Жетісу» телеарнасы логотипінің де жақында ауыстыру жоспарланып отырған жаңа үлгісі эскиздерінің бірін бекітіп берді.

Мұнда үлкен студиямен қатар жаңалықтардың шағын студиясы, сол сияқты виртуалды студия да іске қосылмақ. Облыс басшысы эфирді басқару пультіне кіріп, орнатылған жаңа құрал-жабдықтарды көрді. Осы пульт арқылы «Жетісу» телеарнасы бүгінгі күні шығып отырған 4.3 форматтан заманауи HD форматына ауысуға дайын. Жаңа формат негізінде телеарнаның бейне тарату сапасы бірден 3 есеге артпақ. Сондай-ақ Synegi Desctop бағдарламасын меңгеру арқылы әрбір журналист өзі әзірлеген сюжетін өзі монтаждауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта бүгінгі күні тележурналистер үшін үйрету курстары өткізілуде. «Ауқымы үлкен, мүмкіндігі мол бұл студияларға әлемге танымал, технология саласында озық саналатын іргелі компаниялардың құрал-жабдықтарын алып, орнату үстіндеміз. Осындай қолайлы жағдай жасаудың арқасында «Жетісу» телеарнасының жұмыс сапасы, хабарларының деңгейі кез келген республикалық арнадан бір де бір кем түспеуі тиіс», - деді облыс басшысы А.Баталов.

Соңғы жаңалықтар