Жетісуда туристер үшін жаңа жүйе іске қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу жерінде тұңғыш рет туристер үшін жаңа электронды жүйе іске қосылады. Енді кез-келген тұрғын үшін Алматы облысындағы демалыс орындары жайлы ақпарат алу оңай болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс аумағының кез-келген жерінде, нақтырақ айтқанда жол бойында, жанар май бекеттерінде, қоғамдық орындарда туристік навигациялық жүйе іске қосылатын болады. Тұрғындар «QR» код арқылы мобильді телефонмен қажетті туристік нысандар бойынша толық ақпарат ала алады. Ал аталған қызметті пайдалану үшін «Play маркет» желісінен «QR» кодты оқитын бағдарламаны жүктеуі қажет.

Жаңа жүйеде нысанның орналасу мекенжайы, қызмет түрлері, бағыты, суреттері көрсетіледі. Облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шантаевтың айтуынша, аталған жоба кезең-кезеңмен іске асады. Ал жүйенің негізгі мақсаты келуші туристерді ақпараттандырып, еркін бағыт алуына мүмкіндік жасау.

Соңғы жаңалықтар