Жетісулық кәсіпкерді бопсалап келгендер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында кәсіпкерді бопсалаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісулық кәсіпкерді бопсалап келгендер ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

«Полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді, бұл ақшаны жәбірленушіден қорқытып алған.
«Күдіктілерді ұстау Алматы – Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі Алматының бұрын сотталған 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны.

Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бүгін сондай-ақ Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталғаны хабарланды.