Жетісулық полицейлер үшін күйзелісті жеңілдететін бөлме ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД психоэмоциялық жеңілдену бөлмесі ашылды. Енді кез-келген тәртіп сақшысы қалаған уақытында бұл жерге келіп тынығып, ми шаршауынан арыла алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сондай-ақ, бұл жерде оларға арнайы психолог мамандар қызмет көрсетеді. Бөлмеге кірген полицей бұлбұл құстардың үнін, аққан бұлақ сылдырын естіп табиғатта жалғыз жүргендей әсер алады. 

«Қоғамда не бір жағдайлар болады. Түрлі жағдайлардан стресс алатын сәттер болады. Бойдағы күйзелісті  жеңілдетуге арналған бүгінгі психоэмоциялық релаксациялық бөлімінің ашылғанына өте қуаныштымын», -дейді облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Тілеулес Тоқтабеков.

Жалпы  мұндай бөлмелер Батыс елдерінде бұрыннан тәжірибеге енгізілген. Бұл ауыр жұмыста жүрген сақшылардың күйзеліске ұшырамай, жылдам қатарға қосылуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл өңірде соңғы екі жылда 2 полицей түрлі себеппен өз-өзіне қол жұмсаған.

Соңғы жаңалықтар