Жетісулық жас суретшілер халықаралық конкурстардың лауреаттары атануда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғандағы балалардың көркемсурет мектебі халықаралық конкурстардағы екі бірдей жеңісін атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектеп директоры Серікқали Мырзатаевтың айтуынша, балалар үшін ең жүлделі конкурс - ЮНЕСКО-ның «Mitsubishi Asian Children? s Enikki Festa» жобасы бойынша өткен балалар суреттерінің азиялық фестивалі болды. Ол конкурста Қазақстанның басқа да өңірлерінен қатысқан 8 жас суретшімен бірге, Талдықорғандағы №12 мектептің үшінші сынып оқушысы Карина Першина (сурет пәнінің мұғалімі ? Ирина Воронина) да жеңімпаз атанып отыр. Ал финалға жолдама алған жас суретшілер - облыстың көптеген мектептерінің оқушыларына ? дипломдар мен сертификаттар табыс етілді. «Қорытындысы алдағы сәуір айында Жапонияда шығарылатын ЮНЕСКО аясындағы бұл халықаралық фестивальге жас жетісулықтар бірінші рет қатысса, «Невская палитра» халықаралық конкурсына Талдықорғандағы балалардың көркемсурет мектебінің оқушылары осымен қатарынан екінші жыл қатысып отыр. Мектебіміздің түлегі және педагог Тамара Дорохинаның шәкірті 13 жасар Слава Шершнев Нева конкурсында қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр. Ал тағы сегіз оқушымыз конкурстың лауреаттары атанды», - дейді мектеп директоры.
Соңғы жаңалықтар