Жетісулықтар Елбасы Жолдауын қолдайды

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Темірхан Досмұхамбетов, Николай Логутов және Әлихан Тойбаев Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы, Ават, Тиірмен және Ақтам ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.
None
None

Осы ауданның тұрғындары Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдайтындарын білдірді және ел болашағына үлкен сенім артатындарын жеткізді.

Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді талқылау барысында тұрғындарды ауыз сумен қамту, ең төменгі зейнетақы көлемі, зейнеткерлік жас, әр түрлі жәрдемақы төлемдері және басқа да әлеуметтік мәселелер толғандыратыны мәлім болды.

Парламентшілер Талдықорған қаласында болып, облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың қатысуымен өткен кездесуде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысты. Бұдан кейін депутаттар Кербұлақ ауданының Шанханай аулындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындар алдында өз ойларымен бөлісті.

Панфилов ауданының Ақсу ауылына келген парламентшілер жылыжай кешенінде болды, «Байсерке Агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен жүздесті. 4 гектар жерді алатын бұл кешен Алматы облысында жүзеге асып жатқан 54 инвестициялық жобаның бірі.

Талғар ауданында депутаттар Индустрияландыру картасы бойынша жаңадан салынған «Байсерке Агро» ЖШС-нің ет өнімдерін шығару кешенінің қызметкерлерімен пікір алмасып, жағдайларын білді. Сондай-ақ 1800 тонна өнім өндіретін сүт зауыты мен жылқы зауытында болды.

Депутаттар Н.Логутов, Ә.Тойбаев («Нұр Отан» ХДП) және Н.Жазылбеков («Ақ Жол») Қапшағай қаласына барып, Мәдениет үйіне жиналған қоғам өкілдері алдында сөз сөйледі.  Н.Логутов пен Ә.Тойбаев партия белсенділерінің кеңейтілген отырысына қатысты, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының кеңсесінде жасотандықтармен кездесу өткізді.

9 сәуір күні парламентшілер Балқаш ауданын аралады. Бақанас аулындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен жүздесіп, іссапар жоспары бойынша сөз сөйледі. Н.Логутов пен Ә.Тойбаев Елбасы Жолдауы туралы, Парламенттің бесінші шақырылымындағы заң шығару қызметі жөнінде түсінік берді. Олар өз сөздерінде мемлекетіміздің экономикалық дамуы, соның ішінде Жетісу өңірінің өркендеуі жайлы ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар