14:28, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Жетісулықтар Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турында үздік шықты
АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өскеменде 21-28 қараша күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры болды.

Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы барлық ойында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, мүмкін болған 18 ұпайға толық қол жеткізді. Ал қазіргі ел чемпиондарынан бірі -3, екіншісі 6 - ұпайға қалып қойған Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен Астана қаласының («Астана») волейболшылары бұл жолы да 2-3 орындарды бөлісті. Ал 2010/2011 жылдардағы маусымда Қарағанды облысының спортшыларына есе жіберген алматылықтар бұл қарсыласынан 1 ұпай артық жинап, төртінші орынға табан тіреді. Турнир кестесінде 6 ұпаймен «Қарағанды» бесінші, 3 ұпаймен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) алтыншы және 2 ұпаймен «Металлург АМТ» жетінші сатыда тұр.