Түркістан облысында заманауи ангиограф бөлімі ашылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының Жетісай аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті.

Ангиограф
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында «Жетісай аудандық орталық ауруханасы» ғимаратына 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимаратқа қосымша заманауи қабылдау бөлімі және «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» ғимараттары салынды.

жедел жәрдем
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Күрделі жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен жасалды. Сондай-ақ заманауи «Ангиограф» медициналық құралы орнатылып, ақхалаттылардың өз кәсібіне деген адалдығының арқасында қазір науқастарға жүрек-қан тамырлары ауруларына күрделі операциялар жасалып жатыр. 

полиция
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Ем алғандар дертіне дауа тапқаны үшін алғыс айтуда. Бұл коронарография жасайтын аппарат аудандар ішінде тек Жетісайда ғана бар. Сондықтан, көршілес аудан тұрғындары да бұл қызмет түрін ала алады.

Бүгінде аудандық ауруханада 1241 қызметкер жұмыс жасайды. Ауруханаға тіркелген халық саны — 85 315.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Компьютерлік томограф (КТ) медициналық құралы халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. 

Ангиограф
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

2025 жылға «Магнитті-резонансты томограф (МРТ)» медициналық құрал жабдығын сатып алу жоспарланған. 

Қазіргі таңда көп бейінді аурухана статусына ие болу үшін, сондай-ақ медицина саласын қалыпты дамыта отырып, науқастарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жасалынуда.

Бұған дейін Түркістан облысында 310 орындық мектепте 1 мың бала оқып жүргені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар