Жетісу облысында 9 мың гектардан астам жер орман қорына берілді
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орманмен көмкерілген және мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады.
Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер мемлекеттік орман қорының құрамына енгізілуге жатады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9 412 гектар жер облыстық орман қорына (Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарының құрамына қоса) берілді.
Айта кетелік елорда әкімдігі 38 жер учаскесін 1 млрд теңгеге сатып алатыны туралы жазған едік.