Жетісу облысында да оншақты үйдің ауласына су кірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысында егістікте қардың қарқынды еруінен Алакөл ауданы Бескөл стансасында шамамен 10 үйдің ауласын су алып кетті. 

су тасқыны
Фото: ТЖМ

Жетісу облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 15 адам, 5 техника және 3 мотопомпа еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

су басты
Фото: ТЖМ

Қосымша тағы 25 құтқарушы, 4 техника және 6 мотопомпа оқиға орнына бара жатыр. 

Еске сала кетейік, кешелі бері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт жылынып, қар тез ери бастады.

Абай облысында Таскескен-Бақты жолына су жайылды. 

Қызылорда облысында бөгетті су шайды, ал Алматы облысында үйлердің ауласын су алып кетті.

Жетісу өңірінде Көкөзек каналының суы көтерілді.

Соңғы жаңалықтар