Жетісу облысында электр дабылы іске қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті 22 мамыр сағат 09.00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлады. 

Сирены прозвучат по всему Казахстану 23 ноября
Фото: gov.kz

Тексеру барысында электродабыл қондырғылары іске қосылады. 

Ведомство тұрғындар мен облыс қонақтарынан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды және түсіністікпен қарауды сұрайды.

— Бұл — тексеру жұмыстары аясында жүзеге асырылатын жоспарлы шара. Аталған сәтте дабыл дыбыстары естілген жағдайда, алаңдамауды өтінеміз, — делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ департамент төтенше жағдай кезінде электродабыл іске қосылған сәттегі іс-қимыл ережесін іске салды.

  • Егер дабыл сигналы тұрғын үйде жүрген сәтте берілсе:
  • Радио немесе теледидарды қосып, ресми ақпаратты тыңдаңыз;
  • Хабарламада берілген нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

— көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

— берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Айта кетейік, Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізуді тапсырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар