Жетісу облысында есірткі сақтаған деструктивті ағым өкілі ұсталды

Жетісу облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері бірлесіп арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Kazinform. 

Жетісу облысында есірткі сақтаған деструктивті ағым өкілі ұсталды
Фото: Жетісу облыстық ПД

Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің мекенжайы бойынша санкцияланған тінту өткізу кезінде полицейлер 13 қап марихуана тапты.

«Күдікті адамның ел аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның жақтаушысы екені анықталды. Осыған байланысты жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар