Жетісу облысында есірткі заттарын сататын 30 алаң бұғатталды
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы прокуратурасымен есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды. Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.
— Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарынжарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды. Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, — деп атап өтті облыстық прокуратура өкілі Гүлзия Әділова.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов жастар есірткі жасыру қылмысына жаза күшейтілгенін білсе де, осы заңсыз әрекетке барып жатқанын айтқан еді.