15:55, 29 Қазан 2024 | GMT +5
Жетісу облысында есірткі зертханасын құрғаны үшін екі азамат сотталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.
– Атап айқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған, - делінген хабарламада.
Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткізаттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).
Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін есірткі қылмысын жасаған 4 мыңнан аса адам түрмеде отырғанын жазған едік.