01:11, 08 Қаңтар 2026 | GMT +5
Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Жайпақ ауылының маңында адамдар қар құрсауында қалып қойғаны туралы 112 нөміріне хабар түсті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті.
— Олар қарға батып қалған бір жеңіл автокөлікті анықтады. Көліктің ішінде 4 адам болған, оның біреуі — бала. Құтқарушылар көлікті қауіпсіз жерге шығарып, адамдарды аман алып қалды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеріп, жолда қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.
Осыдан бұрын Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында жоғалған адам 4 қаңтарда аман-есен табылғанын жазған едік.