10:46, 21 Ақпан 2025 | GMT +5
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектеледі — ҚазАвтоЖол
АСТАНА. KAZINFORM — Сағат 11:00–ден бастап Жетісу облысында Көктума ауылынан Достық стансасына дейін жол жабылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

— Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат 2025 жылғы 21 ақпан сағат 11:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Қазақстанның 14 облысында және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны белгілі болды.