Жетісу облысында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргендер айыппұл арқалады

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін өз бетінше пайдалану фактісі анықталды. Бір заңды тұлға осы аумақта тиісті құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан.

құм, қиыршықтас
Фото: АШМ

Аталған құқықбұзушылық Жетісу облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында белгілі болды.

- Тексеріс нәтижесіне қарағанда, жер учаскесі ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған. Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның нәтижесінде 2,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп жазды АШМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта құқықбұзушылық жойылып, жер учаскесін өз бетінше пайдалану тоқтатылды.

Жетісу облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті жер заңнамасының сақталуын бақылау және осындай фактілердің алдын алу бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, Абай облысында прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндіріп алды.

Соңғы жаңалықтар