07:48, 18 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жетісу облысында құтқарушылар аязды күнде далада тұрып қалған 26 көлікті шығарды
АСТАНА. KAZINFORM - Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жалаңашкөл учаскелерінің аралығында күн бұзылуы мен қалың қар салдарынан 26 жүк көлігі жолда қалып қойды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Көктума ауылына 26 жүргізушіні жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

«ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін ТЖМ құтқарушылары Маңғыстау облысында 29 жүк көлігін қар құрсауынан алып шыққанын хабарлағанбыз.