Жетісу облысында монополист жауапкершілікке тартылып, жылу тарифі төмендетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында жылу тұтынушыларының құқығы қорғалып, монополист жауапкершілікке тартылды.  

Жетісу облысында монополист жауапкершілікке тартылып, жылу тарифі төмендетілді
Фото: Pixabay.com

Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді.

«Талдықорғанжылусервис» МКК заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қалыптастыру кезінде шығындарға енгізілген барлық қаражатты жұмсамаған.

— Талдықорған қаласы прокуратурасының қадағалау актісімен 7,8 млн теңгеден астам сомаға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Нәтижесінде тариф 77 теңгеге дейін төмендетілді, 1971 тұтынушының құқығы қорғалды, — делінген хабарламада.

Монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетелік Ыстық су тарифі 6,2% төмендеп, инфляция деңгейі 11,8% болғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар