Жетісу облысында жалған шот-фактура жазған тұрғын мемлекетке 285 млн теңге шығын келтірді

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ.KAZINFORM – Жетісу облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды.

шот-фактура
Фото: Pexels

Азамат өзі бақылайтын мекеменің атынан басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жалған шот-фактуралар жазған.

Тергеу барысында ол мемлекетке 285 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды. 

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар