21:00, 09 Қараша 2023 | GMT +5
Жетісу облысында жасөспірімге зорлық жасаған күдікті ұсталды
Сарқан ауданында кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыс жасады деген күдікті ұсталды. Бірнеше күн бойы іздеуде болған ол аудандық полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Kazinform.

Ұсталған адамға Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталуда.
Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды.