21:26, 20 Қараша 2023 | GMT +5
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк пойызына соғылды
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк пойызына соғылды. Оқиға Панфилов ауданындағы Алтынкөл-Нұркент автожолында болған. Салдарынан көлік иесі жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform.

Жолдағы теміржол өткелінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтамаған «Мерседес» автокөлігін жүк пойызы қағып кеткен. Көлік тізгініндегі жас жігіт жеңіл жарақат алып, ауруханаға түсті.
«Теміржол өткелінде көлік алға жүріп, жүк пойызының вагонымен соқтығысқан. 32 жастағы жүргізуші оқиғадан зардап шекті, ол әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деді Панфилов ауданының полициясы.
Теміржол өткеліндегі апатты жағдайды тексерумен аудандық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.