Жетісу облысында жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM - Талдықорған маңында тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мамандар келесі нөмір арқылы Сізге кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: 8 (7282) 32-44-36
ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар етті.
-Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
Осыған дейін, 4 маусымда сағат 21:22–де Алматы тұрғындары жерасты дүмпуін сезгені туралы жаздық.