Жетісу облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

АСТАНА.KAZINFORM — Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Четыре человека погибли в ДТП в области Жетысу
Фото: Жетісу ПД

Алдын ала болжам бойынша Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар