Жетісу облысында жол ашылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАВтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады.

Абай облысында уақытша көлік кептелісіне байланысты жол қауіпсіздігі күшейтілді
Фото: Pexels

- 27 желтоқсан сағат 01:00-де республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40-68 шақырым аралығындағы (Алтынемел асуы) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады, - делінген хабарламада.

Бүгін, сағат 22:00-де облыста ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылған еді.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Түркістаннан Алматыға қарай жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

 

Соңғы жаңалықтар