Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Балпық би ауылында автобустың неден өртенгені анықталып жатыр.

автобус өртенді
Фото: Жетісу облыстық ТЖД-дан

Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 10:58-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.