Жетісу облысында жүзден астам жасөспірім заңсыз әкімшілік жауапқа тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Талдықорған қаласының прокурорлары  кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактісін анықтады.

Полиция
Фото: ІІМ

«Уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, ӘҚБтК-нің 615, 492, 620-баптары бойынша 16-17 жас аралығындағы 107 кәмелетке толмаған жасөсіпірімге қатысты әкімшілік хаттама толтыру кезінде қорғаушылардың міндетті қатысуын қамтамасыз етпеген. Кәмелетке толмағандар айыппұл және ескерту түріндегі әкімшілік жауапқа тартылған», - деп атап өтті ведомстводан.

Прокуратура анықтаған қаулылардың күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

«Қадағалау актісі бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір айыппұлдарды қайтару мәселесі қаралып жатыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар