Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Атырауда «Ақжайық» резерватындағы өртті сөндіруге тағы бір тікұшақ тартылды
Фото: «Ақжайық» резерваты

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 техника тартылды.

- Күрделі рельефке байланысты өртті сөндіру жұмыстары әуеден де жүргізілуде. ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда орталығында өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар