Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Бүгін Алтын Емел асуында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-сы мәлімдеді.
- 10 қаңтар сағат 10:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Сарыөзек – Көктал» 40- шақырымнан - 68- шақырымға дейінгі аралық Алтын Емел асуына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды ашу 10 қантар сағат 14:00-ге жоспарланған,- делінген хабарламада.
Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында құтқарушылар 13 адамды қар құрсауынан шығарғанын жаздық.
— Құтқарушылар дереу оқиға орнына шығып, қар құрсауынан барлығы 13 адам, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Қапал ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.
Ал алакөлдік қорықшылар мұз үстінде жүре алмай қалған елікті құтқарды.